Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты
28/07/2016
Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта азамат М. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысымен оның алкольдік ауыр дәрежелі масаң күйінде болғаны бекітілген.
Сот үкімімен азамат М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 63 630 теңге мөлшерінде айыппұл салу және 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Источник:
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі