Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз
06/06/2016
Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 17 маусымында, сағат 16:00 ден 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.
«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.
Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.
Источник:
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі