1603

№ вопроса: 
1603
Фамилия: 
ДУЙСЕНОВА
Имя: 
БАКТЫБИКЕ
Отчество: 
ДУЙСЕНОВНА
Регион: 
Кызылординская область
Текст обращения: 
24.02.2017 ж. Ауд-қ экон-қ сотының шешімімен (судья М. Сарсенов) Талап қоюшы Орын-Ай ЖШС-ң жауапкер Ак-мечеть ЖШС-е, Әйтеке би кенті әкімдігіне жер учаскесін заңсыз иеліктен қайтару туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылып, Қазалы ауд, Әйтеке би кенті Әйтеке би мен Біржан сал көшесі бойында орналасқан Ак-мечеть ЖШС-нің заңсыз иелігінен Орын-Ай ЖШС-не жер учаскелері жапсарлас орналасқан жерден соңғыға тиесілі 181 ш.м. жер учаскесі қайтарылсы шешім шығарады. Осы азаматтық істі қарау барысында судья М. Сәрсеновтың тарапынан жауапкердің және іске тартылмаған басқа да тұлғалардың құқыларын өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген деп санаймын. Бұл шешімнің бір жақты болуы, біздің тарапымыздан ешқандай дәлелді заңи фактілерге судьяның көңіл аудармауына, Орын-Ай ЖШС иесі Қожағұл Алимуса деген азамат шешім шықпай тұрып, Ак-Мечеть ЖШС қарасты Ернұр сауда орталығына келіп кәсіпкерлерге қоқан-лоқы көрсетіп, бұл жер менікі, орындарыннан кетіңдер, мен жеңдім, барлығын сатып алғанмын, мені жеңу мүмкін емес, менің «крышам» азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Адранов Қайрат деген азамат деп барлығына әңгіме шығарып қысым көрсете бастады. Бұл уақытта әлі сот отырысы бітпеген болатын. Аппеляциялық шағым беріледі, ол жерде төрағалық етуші Қ.Адранов мырза екені белгілі. Бөтен біреуге жала жабудан аулақпын.Осыған орай, Сізден, заңды учаскемізді өз қалпында қайта қалдырып, әділетті шешім шығаруға және барлығы заңды фактілер негізінде жүзеге асыруына ықпал етуіңізді сұраймыз
Дата ответа: 
11.04.2017 16:05:58
Ответ: 
Талап қоюшы «Орын-ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкерлер «Ак-мечеть» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Әйтеке би кенті әкімдігіне жер учаскесін заңсыз иеліктен қайтару туралы азаматтық ісі апелляциялық тәртіппен қарау үшін облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына түспеген. Осы азаматтық іс бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 24.02.2017 жылы қабылданған шешімге апелляциялық шағым келтіру мерзімі аяқталмаған. Егер іс апелляциялық шағыммен облыстық сотқа түскен жағдайда, істі апелляциялық тәртіпте облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов жеке-дара қарамайды, іс апелляциялық тәртіпте құрамында облыстық соттың үш судьясы бар алқалы құрамда қаралып, сот шешімінің заңдылығы мен негізділігі тексеріледі.
Статус автора обращения: 
гражданин (физическое лицо)
Категория вопроса : 
гражданское судопроизводство