Ұлы мереке әр шаңыраққа қыдыр дарытсын!

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Ізгілік пен ынтымақ мерекесі, жер-дүниені жаңартып, көктемді ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз  құтты болсын!

Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына бет алған тұста Әз Наурыз баршамызды ізгілікті істер мен асқаралы армандарға бастасын!

Көктемгі күн мен түннің теңелуі ежелден табиғаттың жаңаруының нышаны болып табылады, уақыт пен ұрпақтың ұласқан жалғастығын көрсетеді. Татулық пен келісімді нығайтады.

Қасиетті Наурыз мерекесінің әр сәтінен ұлтымыздың нақышын, салт-дәстүріміздің айқын қолтаңбасын көреміз. Наурыз мерекесі айбыны асқақ, ізгілік шашқан, тамыры терең өнегелі өркениетіміздің өлшемі.

Халқымыз  молшылық, береке, бірлік, жаңғыру мен жасару күтетін ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт – береке ала келсін!

Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!

Ұлыстың ұлы күнінде Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін! Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы  Наурыз шаңырақтарыңызға береке мен несібе әкелсін!

Барлық бастаған істеріңізге сәттілік және ең  асыл тілектеріңіздің орындалуын тілеймін. Ұлтымыздың жаратылысынан бірге тойланып келе жатқан ұлық мерекеміз әр шаңыраққа бақ қондырып, қыдыр дарытсын!

Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!                                      

 Құрметпен,

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков