Сот қызметкерлері сенбілікте...

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ.

Қыстың қыспағынан құтылып, арқа-бас кеңейетін, мейрам-шаттыққа кенелетін осынау жайдарман мейрамға орай жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.

Қызылорда облыстық, қалалық, әкімшілік, экономикалық, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық және қылмыстық  сотының қызметкерлері  ағымдағы жылдың 14 наурызында өткен  жалпыхалықтық сенбілікке қатысып,  сот  ғимаратының  ауласын және әкімшілікпен белгіленген  аймақтарға тазалау жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, олар  сот  ғимараты аумағын сыпырып, жапырақ пен қоқыстардан тазартып, қалдық заттарды шығарумен айналысты.

Әрбір адам айналадағы ортаны жақсарта түсуге, туған өлкемізді көгалдандырып, барынша таза ұстауға қолынан келгенше үлесін қосуы тиіс.

Әділдікті ту еткен  сот  билігі сенбілікке  қашан да зор ынтамен қатысып, қаламыздың жылдан-жылға көркейіп келуіне үлесін қосып келеді.

Жалпы  сенбіліктің  өткізілу себебі – аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, қаланы қоқыстан толығымен тазарту.  

Сенбілікке  шыққан  сот   қызметкерлері бұл тұрғыда аумағының тазалануына  ерінбей  еңбек  етіп, белсене  ат салысты.

 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі