Сот арқылы татуласу мәселесі қозғалды

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Жуырда Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Семинарға Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Шараға облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Т.Адранов төрағалық етті.

 «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекісінің 67-бабын қолдану тәртібі» тақырыбындағы баяндаманы Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы  К.Кусекеев оқыды. Тақырыпты Қызылорда облыстық   сотының судьясы А.Қожаниязов толықтырды.

2014 жылдың 3-4 наурызы аралығында Астана қаласында  Азаматтық істер бойынша эксперимент өткізу мақсатында «Сотта татуласу рәсімдері бойынша» немесе «Сот арқылы татуласу» тақырыбында өткен тренингте талқыланған мәселелер жайлы, облыстық сот судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Ерманов Алмат Нұрмұратұлы баяндады.

Әрбір оқылған баяндамаларды қатысушылар талқылап, сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.                                          

 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі