пн, 19/06/2017 - 18:19
Версия для печатиХат жолдау
Бүгін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 14 маусымындағы №499 Жарлығымен тағайындалған Қызылорда қалалық сотының төрағасы Еркінбеков Мұхтар Жүсіпбекұлын ұжымға салтанатты түрде таныстырды.
Жаңа сот төрағасын ұжымға таныстыру барысында Бақытжан Қалымбет: «Мұхтар Жүсіпбекұлы сот әділдігін жүзеге асыру барысында өзінің білімін тәжірибеде қолдана білетін білікті судья. Ұйымдастыру және іскерлік қабілеті жоғары», - деп атап өтті.
Алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет сот төрағасы Еркінбеков Мұхтар Жүсіпбекұлын құттықтап, алдағы уақыттарда қызметіне табыс және сәттілік тіледі.
Источник:
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі