Өзінің туған анасын балағаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

         Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 79-5 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы С.Б-ның әкімшілік ісін қарады. Әкімшілік құқық бұзушы С.Б. 19.01.2014 жылы, сағат 19.20-лар шамасында спирттік ішімдігін ішкен мас күйінде өзінің анасы Б.С-ны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, үй-мүлкін бүлдіріп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп, тыныштығын бұзған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған деп әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

            Сотта С.Б. кінәсін ішінара мойындап, әйелі әдей арақ ішкізіп полицияға ұстатқанын. Анасын балағаттағаны рас екенін. Өкінбейтінін көрсеткен.

           Сотта жәбірленуші Б.С. баласы С.Б. үйіне келіп айқай-шу шығарғанын, осындай әрекеттерді 3 ай бойы жасап келгенін. Түнімен айқайлап, ұйықтатпайтынын. Шаршағанын, шыдамы таусылғанын. Үй заттарын қиратып, сындырып кеткенін. Үнемі ішетінін, кешірім жасап келгенін. Бірақ ол әрекеттерін тоқтатпағандықтан полиция шақыртуға мәжбүр болғанын. Енді оны кешірмейтінін көрсетіп С.Б-ны қамауға алуды сұраған

           С.Б Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-5 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 (жеті) тәулік әкімшілік қамау белгіленді.

                                                                                                                                        Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі