Мемлекеттік тілді қолдану аясын одан әрі кеңейту мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

           Жуырда Байқоңыр қалалық сотында төраға М.Тұрғанбаевтың, судьялар  К.Нурпейсованың, Е.Шевцованың, Қазақ тілі қоғамы С.Шағатаевтың,  прокуратура, Әділет, ІІБ-нің және басқа мемлекеттік органдардың  өкілдерінің, сондай-ақ, кеңсе меңгеушісі мен мамандардың қатысуларымен іс қағаздарында барынша мемлекеттік тілді қолдану аясын одан әрі кеңейту мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

         Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылатынын, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

          Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледі.

          Соттардың іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жұмысының негізгі көрсеткіші ол шығыс құжаттар мен ішкі құжат айналымы тілі болып табылады. Байқоңыр қалалық сотының шығыс құжаттарын, ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілге көшіру жұмысы тиісті деңгейде жүргізіліп келе жатыр.

             Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізуді қолға алу, оның ішінде: Байқоныр қалалық соттарына прокуратура, Әділет, Ішкі істер, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының, адвокаттар алқалары өкілдерінің, Салық органдарының және орыс тілінде талап арызды жиі беретін мекемелердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізу, талап арыздарды мемлекеттік тілде дайындау, тергеуді мемлекеттік тілде жүргізу қажеттілігі жөнінде пікір алмасып, бірлескен шаралар қабылдау, мемлекеттік тілде іс жүргізуді құқықтық насихаттау, мемлекеттік органдармен, мекемелермен хат-хабар алмасуды мемлекеттік тілде жүргізудің маңызы зор болып табылады.

            Дөңгелек үстел барысында төрағалық етуші тиісті заң талаптарын ескере отырып, жергілікті мемлекеттік органдармен хат алмасу (кіріс-шығыс іс қағаздарын жүргізу) мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс екендігін және фирмалық бланкіге мемлекеттік тілдегі нұсқасы басылуы міндетті екендігін, бұл талап орындалмаса құжаттың қабылданбауы мүмкін екендігін,  алдағы уақытта қатысушылардың осы талаптарды басшылыққа алуларын  және осы бағыттағы жұмыстарды  ұдайы жетілдіріп, осындай отырыстарды қолдан келгенше жиірек өткізу қажет екенін тілге тиек етті. Жиын барысында мұнан өзге көптеген мәселелердің түйіні тарқатылды.

             Төраға М.Тұрғанбаев қазіргі таңда мемлекеттік тілдің қолданылуын барынша қолға алып, мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының сапасы мен санын одан әрі арттыру басты мәселеден түспейтінін, бүгінгі Байқоңыр қалалық сотында мемлекеттік тілдің өркендеу мақсатында өткізіліп отырған дөңгелек үстелді игілікті істің ұйтқысындай жасап жатқан қатысушыларға алдағы уақыттарда осындай игі істерді жалғасын таба беретініне үміті зор екендігін айтып, алғысын білдірді.

            

Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі