Қылмыстық іс қысқарды

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Медиация тараптардың арасында туындаған дауларды реттеп, оларды өзара келісім арқылы бітімгершілікке шақыратын, тараптардың тілектері мен мүдделерін ескеретін және бірігіп ізденудің арқасында ортақ шешімге келетін тиімді баламалы әдістердің бірі болып табылады.

Жуырда Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектеп оқушыларына қатысты қылмыстық істі қарап, Медиация Заңы бойынша өндірістен қысқартты.

 Іс құжаттарына сәйкес сотталушы Б. үйіне келген танысы М.-ға құрылыс мекемесінен темір-терсек ұрлауға ұсыныс жасайды.

Содан Б.-ның ұрлық істеуге жасаған ұсынысына кәмелетке толмаған М. толық келісімін беріп, екеуі бірге құрылыс мекемесінің ауласына жасырын түрде қоршалған қоршаудан секіріп түсіп, екі дана қаңылтыр қақпағын жасырын ұрлап, темір қабылдайтын орынға апарып сатып жібереді.

Мұнан соң қатарынан үш күн аталған мекемеден темір заттарын ұрлап, құрылыс мекемесіне жалпы құны 300 000 теңгеге материалдық залал келтірген.

Басты сот талқылауында кәмелетке толмаған сотталушылар өз жауаптарында, тағылған айыпты толық мойындап, істеген әрекеттеріне шын жүректен өкінетінін, келтірген зиянның есесін толтырғанын, жәбірленушімен медиатор арқылы татуласқанын айтып, істі өндірістен қысқартуын сұрады.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігінің «а,в» тармақтарымен айыпталған, кәмелетке толмаған сотталушылар ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен қысқартылды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі