Құрметті зейнет демалысына шықты

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Мерейлі мереке Конституция күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 17 тамыз 2015 жылғы №65 санды Жарлығымен сот жүйесінде ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған Қазалы аудандық сотының судьясы Аманбаева Нұрсәуле Рахманқызы отставкіге шықты.

Аманбаева Нұрсәуле Рахманқызы - сот жүйесіндегі еңбек жолын 1998 жылдың қазан айында Қазалы аудандық сотының судьясы қызметімен бастап, аталған лауазымда табан аудармай 17 жылға жуық қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде ол өзін азаматтық ұстанымы берік, заң үстемдігін басшылыққа алатын, кәсіпқойлығы жоғары тәжірибелі судья қырынан көрсете білді.

Сот жүйесінің дамуына өзіндік үлесін қосып, азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығының қорғалуына атсалысып, биік белестер асуынан көрінген Аманбаева Нұрсәуле Рахманқызының адал және мінсіз қызметі, тәжірибесі жас судьяларға үлгі-өнеге.

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет.  Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз. Құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңізбен Сізді құттықтаймыз. Ендігі сол еңбектің зейнетін көруге тілектеспіз!

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі