ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.Қасымовтың қатысуымен мәжіліс өтті

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

          Ағымдағы жылдың 18 сәуірі күні Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.Қасымовтың қатысуымен мәжіліс өтті.

         Мәжілістің негізгі мақсаты 12-18.04.2014 жылы аралығындағы Қызылорда облысы соттарын кешенді тексеру қорытындысының нәтижесін талқылау болды.

           Жиынға ҚР Жоғарғы Соты судьялары мен өкілдері, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары және кеңсе меңгерушілері қатысты.

         Мәжілісті Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков ашады. Кейінгі кезекте сөз кезегін ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.Қасымов алды.

         А.Қасымов өз сөзінде кешенді тексерудің маңыздылығы мен мән жайына тоқтала келе, соттардың алдында тұрған маңызды міндеттерді атап өтті.

         Бұдан соң Қызылорда облысы соттарын тексеру комиссиясының мүшелері өздерінің тексеру анықтамасымен таныстырып, анықталған кемшіліктерге тоқталып өтті. Мәжіліс барысында тексеруші азаматтардың барлығының анықтамалары жан-жақты талқыланды.

         Мәжіліс барысында облыс соттарын тексеру бойынша кемшіліктер ғана емес, сонымен қатар атқарылған жұмыстың оң нәтижелері, соның ішінде соттардағы электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану, соттарға электронды талап арыздардың көбеюі сынды мәселелер де айтылды.

         Мәжіліс соңында сот әділдігін жүзеге асыру, сот имиджін көтеру мәселелері жан-жақты талқыланып, алдағы уақытта назарға алынуы тиіс жұмыстар нақтыланды.

         Мәжілісті қорытындылаған облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков облыс соттарына алдағы атқарылуы тиіс міндеттерді жүктеді.

 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі