Ұсақ бұзақылықты жыл көлемінде қайталап, әкімшілік қамаққа алынды
12/10/2017
Қармақшы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен азамат З.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сай, азамат З. Жосалы кенті, Балқы базар көшесі бойында қоғамдық орынды бүлдіріп, айналасындағыларға сылаумашылық білдіріп, аталған әрекетті бір жыл көлемінде қайталаған.
Сот отырысында азамат З.-ның әрекеті өзінің мойындау түсінігімен, істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденді.
Сот қаулысымен азамат З. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі