Ағасын балағаттағаны үшін 5 тәулікке қамалды
12/10/2017
Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы А. бұдан бұрын Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушулыққа тартылып, бір жыл ішінде екі рет қайталап, Төретам кентінде орналасқан өз үйінде, мас халде ағасы Ж.-ға былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсетіп, отбасының тыныштығын бұзған.
Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Қайнар:
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі