Жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы А-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы А. жәбірленуші Б-ны ауруханаға жұмысқа тұрғызып бере алатындығын айтып, 200 000 теңгесін,  жәбірленушілер Ж. мен С-ны аталған ауруханаға «шаруашылық аяжан» қызметіне жұмысқа тұрғызып бере алатындығын айтып, сендіріп әр қайсынан 150 000 теңгеден, ал жәбірленуші Г-ны «медбике» қызметіне орналастырып беретінін айтып, 280 000 теңгесін алдап алып өз пайдасына  жаратып, алаяқтық жасаған. 

Сот, сотталушы С-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ «Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабынның 2-бөлігінің 2тармағына,сәйкес, кәмелетке толмаған баласының барын, Рақымшылық Заңы қолданып тағайындалған жазадан босатылсын.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.    

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі