Жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 611 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. автокөлігін басқарып келе жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, электр бағанына соғып, жәбірленуші «Жақсықылыш кенті әкімі аппараты» ММ-не мүліктік залал келтіріп, Жол қозғалысы ережесінің 2.1.8 тармағын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауаптарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі