Жол ережесін сақтамай, үш адамның өмірін қиды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

        Жуырда Қармақшы аудандық соты жол ережесін өрескел бұзып, нәтижесінде үш адамның өмірін қиған сотталушы С.С.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

         Сотталушы С.С. 2013 жылдың қазан айында «Mercedez-Benz» маркалы автобусты басқарып келе жатып, Жосалы кентінде Қорқыт ата кесенесінен 4 шақырым қашықтықта «Самара-Шымкент» тас жолы бойында көлік құралын жүргізуші адам бола тұра, Қазақстан Республикасы «Жол қозғалысы ережелерінің 11.1 тармағында көрсетілген, басып озуды бастамас бұрын жүргізуші шығуды көздеген қозғалыс жол жолағын басып озу үшін жеткілікті аралықта бос екендігін және маневрмен ол қарама-қарсы қозғалып келе жатқан көлік құралдарына кедергі келтірмейтініне көз жеткізуге міндетті деген талабын өрескел бұзып, алдында кетіп бара жатқан автокөліктерден басып озу маневрін жасамақ болып, басып озу маневрін бастамас бұрын қарама-қарсы жол жүріс бөлігінің толық бос екеніне және қарама-қарсы келетін автокөліктің жоқ екеніне толық көзжеткізбей, жолдың қарама-қарсы жол жүріс бөлігіне шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Б.-ның басқаруындағы «Nissan Maxima»маркалы автокөлігімен қарама-қарсы соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған.

        Аталған жол көлік оқиғасының салдарынан «Nissan Maxima» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Б., ондағы жолаушылар А. және К. барлығы 3 адам осы жол көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаттарынан қайтыс болып, ал жолаушы Д. орта дәрежелі дене жарақатын алған. Осылайша сотталушы С.С. жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда Б.-ның денсаулығына орта ауырлықтағы зиян келтіріп және үш адамның қайтыс болуына әкеп соққан қылмыстық әрекет жасаған.

        Сот үкімімен сотталушы С.С ҚР ҚК-нің 296 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп тауып, ол алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

 

Қармақшы аудандық сотының

         баспасөз қызметі