Жекеше айыптау шағымынан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 109-бабымен айыпталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жекеше айыпталушы Б. кәмелетке толмаған балдызы Т-ны ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан.

Сот отырысында жекеше айыптаушы кәмелетке толмаған Т. айыпталушы Б-мен татуласуына байланысты айыптауынан бас тартатынын және істі қысқартуды сұраған.

Сот қаулысымен  айыпталушы Б-ға қатысты  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 109-бабымен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі