"Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар" тақырыбында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Г.Искакова жергілікті баспасөз өкілдерінің қатысуымен сот өндірісінде қаралған жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында судья Г.Искакова статистикалық мәліметтерге тоқталып, әкімшілік сотқа 2017 жылдың осы мерзімінде Кодекстің 73, 73-1 және 73-2-бабында көзделген құқық бұзушылықтар бойынша 210 әкімшілік іс түскенін,  оның 89 ісі қатысушалардың бір-бірімен татуласуы негізінде медиация тәртібімен өндірістен тоқтатылғанын айтып өтті.

Мәселен, құқық бұзушы И. Қызылорда қаласы, Хон Бен До көшесінде орналасқан үйде өзінің келіні К.-ны ұрып-соғып, денсаулығының қысқа уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргеніне байланысты, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарау үшін жолданған. Әкімшілік істі сотта қарау барысында іске қатысушылар бір-бірімен татуласуларына байланысты, соттың қаулысымен ҚР «Медиация туралы» Заңы мен Кодекстің 64-бабына сәйкес өндірістен тоқтатылып, құқық бұзушы әкімшілік жауаптылықтан босатылған.

Брифинг соңында судья Г.Искакова БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптарын беріп, қатысушыларға алғысын білдіреді. 

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі