Жеке айыптау қылмыстық ісі медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 131- бабы, 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталған азаматшалар А. мен Т-ға қатысты қылмыстық істі қаралды.

Сотта, сотталушылар А. мен Т-ның жәбірленуші С-ны балағаттап, қорлағандығы анықталды.

Сот отырысында жекеше айыптаушы С. айыпталушылармен медиация тәртібімен татуласқандықтарын айтып, сотқа медиативтік тәртіппен дауды реттеу туралы келісім шартты ұсынды.

Сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 131-бабы 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған азаматшалар А. мен Т-ны айыптау туралы қылмыстық ісі ҚК-нің 35-бабы, 1-бөлігі, 5-тармақшасы негізінде тараптардың өзара медиация тәртібімен татуласуына байланысты, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуымен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі