Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініш қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат М-ның жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат М. Ақтөбе қаласының №2 сотының 19.02.2014 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған.

Өтінішті қарау барысында, азамат М-ның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу мерзімінде қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол бермегені, сотпен өзіне жүктелген міндеттерді орындап, талап бойынша қажетті құжаттарды ұсынғаны, қоғамдық тәртіпті бұзбағаны, қылмыстық жауапкершілікке қайта тартылмағаны, жақсы мінезделетіні анықталған.

Аталған мән-жайларды ескере отырып, сот азамат М-ның өтінішін қанағаттандырды. Арал аудандық сотының қаулысымен азамат М. бас бостандығын шектеу жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі