Жаңақорған аудандық сотының ұжымымен сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотының қызметкерлері тазарту жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдасқан түрде сенбілікке шықты.

Сенбілік барысында қызметкерлер дуалдарды ақтап, ернеулерді сырлап бояды, ал біреулері  терезе сүртіп, ауланы қоқыстардан тазартып өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аудандық соттың қызметкерлерінің белсенді қатысуының арқасында сот мекемесінің аумағында тиісті тиянақтылық орнады.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі