Жаңақорған аудандық сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық соты Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы, жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты жолдауын» талқылау мақсатында семинар өткізді.

Шараға сот судьялары мен кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов «Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы, жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы бойынша түсіндірме жасап, Жолдауды орындау және билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу реформасын жүргізу бойынша соттардың алдында тұрған міндеттерді іске асыру бойынша сот саласының қызметкерлері атқаратын жұмыстарды атап өтті.

Семинарға қатысушылар өзара пікірлер алмасып, түрлі сұрақтарды талқыға салды.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі