Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Самат Әбдіштің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы Бақытбек Елшібеков Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат А.-ға қатысты ақпарат берді.

Құқық бұзушы А. Жаңақорған ауданы, Аманкелді көшесінің бойында, темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық іс әрекет жасаған

Аудандық соттың қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22690 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды. 

Брифинг соңында БАҚ өкілі аталған әкімшілік іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі