Жаңақорған аудандық сотымен медиация туралы пилоттық жобаны жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар белсенді атқарылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

26 қаңтар 2017 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен  медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба бекітілді.

Пилоттық жоба аясында Жаңақорған аудандық сотымен тұрғындарға белсенді түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде оқып-үйрену семинарлары, медиацияны жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді. Медиацияны қолдану сұрақтары жергілікті БАҚ-та талқылау пәніне айналды.

Бұдан бөлек сот ғимаратының кіре берісінде көпшіліктің назарына пилоттық жоба бойынша медиацияны қолдану механизмі жөнінде ақпараттық стенд орналастырылған. Қазіргі таңда аудандық сотта пилоттық жоба аясында бірқатар істер қаралды.

Атап айтқанда осы жылдың ақпан-маусым айларында пилоттық жоба аясында медиация тәртібімен 10 азаматтық істер аяқталса, олардың 3-і берешек өндіру, 2-і келген шығынды өндіру, 2-і мүлік бөлу, 3-і неке бұзу санаттарындағы істер. 

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі