Жалға беру шарты бойынша қарыз сомасы ішінара өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында талап қоюшы М-ның жауапкер Б-дан жалға беру шарты бойынша қарыз сомасын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Сот мәжілісі барысында, тараптар арасында талап қоюшы М-ның меншік құқығына тиесілі автокөлік жуу ғимаратын жалға беру жөнінде шарт жасалған.

Жалға беру шартына сәйкес, ай сайынғы жалға беру төлемі 100 000 теңгені құраған. Алайда, жауапкер жалға беру төлемдерін жасау жөніндегі өз міндеттемелерін бұзып, соның салдарынан қарыз жинақталған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 386 бабының 1 бөлігіне сәйкес, шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады.

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, талап қоюшы М-ның пайдасына жауапкер Б-дан жалға беру шарты бойынша қарыз сомасы 152 921 теңге және 1529 теңге мемлекеттік баж алымы өндірілді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі