Жалағаш аудандық сотында «Даулар мен жанжалдарды реттеуге арналған медиация негіздері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық соты даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға аудандық сот төрағасы Асылхан Мизанбаев, судья Тұрар Темірбаев, сот қызметкерлері, аудандағы кәсіби медиатор Мұхтар Хаидаров, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері, адвокат және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жекелеген санаттар бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасының іске асырылуына орай мәселенің өзектілігін атап өтті.

Іс-шара әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, қоғамдық келісімді арттыру мақсатында даулы мәселелерді келісіммен шешуге мүмкіндік беретін бітімгершілік келісімдері, медиация институтын дамыту мен насихаттауға және жобаны тиімді жүзеге асыруға бағытталған.

Іс-шара соңында судьялар қатысушылардан пилоттық жобаны жұмыла отырып іске асыруға шақырды.  

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі