Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307- бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С. Әйтеке би кентінде ойын мекемесін заңсыз ашып, белгіленген құмар ойын түрін нақты ақшаға ойнатып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырған.

Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған оның меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаржыға сатып алынған мүлкін тәркілей отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына бір жүз сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды және де одан сот шығындары 32099 теңге 63 тиын мемлекет пайдасына өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі