Заңсыз балық тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. жалпы салмағы 568 кг болатын балықтарды жөнелтпе құжатсыз, заңсыз тасымалдаған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ, құқық бұзушыдан алынған балықтар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі