Әйеліне балағат сөздер айтып, сыйламаушылық білдірген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. сағат 19.30-дар шамасында Ақай кентіндегі үйінде әйелін балағаттап, сыйламаушылық танытып, отбасы тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымыен, құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі