Үш сотталушыға қатысты сот үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 3 сотталушыға, оның ішінде біреуі әйел адамға қатысты, қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі жарияланды.

Сотталушы Б. сотталушы О-ның үйіне барып, онда сотталушы Д., ағайынды 2 жәбірленушімен барлығы бірге спирттік ішімдік ішеді. Ішімдік ішу барысында сотталушы Б. ағайынды жәбірленушілердің біреуімен сөзге келіп, оның бет тұсынан бір мәрте ұрып жіберген. Содан кейін, ағайындылар сотталушыға жабылып оны ұра бастаған сәтте, сотталушы Б. олардан суырылып шығып, үйіне барып керзовый етігін киіп, төбелесін жалғастыру үшін қайтып келген. Қайтып келіп, аяғындағы керзовый етігін шешпестен үй ішіне кіріп, жәбірленушілердің біреуінің басынан аяқ киімімен бір мәрте теуіп, оны жерге құлатып аяғымен бас тұсынан, денесінің әр жерінен бірнеше мәрте теуіп, ауыр дене жарақаттарын салып, оны өлтірдім деп ойлап, сыртқа шығып кеткен. Сыртта екінші жәбірленушіні де жерге құлатып, аяқ киімімен бірнеше мәрте бас тұсынан ауыр соққылар беріп, теуіп, бас миына ауыр жарақаттарын салып, нәтижесінде ол алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. Үстел жиегінде ұйықтап қалған сотталушылар О. мен Д.  болған оқиғаны көріп, ауыр санаттағы қылмысты хабарламай, сотталушы Д. оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Сотталушы О. сол жерде біршама уақыттан кейін көршісіне айтқан.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу), 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып, түпкілікті 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.

Сотталушылар О. және Д. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 434-бабымен  (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, 3 жылға және 2 жылға бас бостандықтарынан айырылып, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі