Ұрлық жасаған сотталушылар 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен айыпталған сотталушылар С. мен Н-ның қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, сотталушылар С. мен Н. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет, жәбірленушілер Г., Л., С., Н. және К-ның пәтерлеріне заңсыз кіру арқылы жалпы құны 7 052 000 теңге тұратын бағалы заттарын ірі мөлшерде  жасырын жымқырған.

Жәбірленушілер басты сот талқылауында қылмыспен келген зиян қайтарылмағанын, сотталушылардан өндіруді талап ететіндерін көрсетті.

Сот үкімімен сотталушылар С. мен Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың мүлкі тәркіленіп, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі