Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай облыс соттарының қызметкерлері марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат, Жер-Ана жаңарып, жан-жануарлар түлейді, тал-теректер бүршік жарады. Бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйім халық ауызбiршiлiкте болады.

Мереке қарсаңында заң кәсібінің беделін арттыруға, заң ережелері мен кәсіби әдеп нормаларының мүлтіксіз сақталуына атсалысқаны үшін Қызылорда облысы соттарының қызметкерлері марапатталды.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының Әділет департаменті, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысы филиалы төрағасының «Алғыс хатын» Жаңақорған аудандық соты кеңсесінің бас маманы А.Нысанбаева, Қазалы аудандық соты кеңсесінің аға сот жасауылы А.Мұсаев, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Е.Есжанов иеленді.

Ал, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы-әдеп жөніндегі кеңсе төрағасының «Алғысына» Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің бас маманы Л.Карибаева, Қармақшы аудандық аудандық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы С.Жалғасбаева, Қызылорда қалалық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Э.Әбдікаримова, Қызылорда қалалық №2 соты кеңсесінің аға сот жасауылы И.Нұрсейітов, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маманы А.Қаршыға лайық деп табылды.

Аталмыш марапаттарды Қызылорда облыстық соты бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Жұмамұратов Азамат Аллабергенұлы табыстады.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі