Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді қазақтың дәстүрлі төл мерекесі Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын.

Егемен еліміздің 25 жылдығына бет алған тұста Әз Наурыз баршамызды ізгілікті істер мен асқаралы армандарға бастасын!

Көктемгі күн мен түннің теңелуі ежелден табиғаттың жаңаруының нышаны болып табылады, уақыт пен ұрпақтың ұласқан жалғастығын көрсетеді. Татулық пен келісімді нығайтады.

Қасиетті Наурыз мерекесінің әр сәтінен ұлтымыздың нақышын, салт-дәстүріміздің айқын қолтаңбасын көреміз. Наурыз мерекесі айбыны асқақ, ізгілік шашқан, тамыры терең өнегелі өркениетіміздің өлшемі.

Халқымыз  молшылық, береке, бірлік, жаңғыру мен жасару күтетін ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт – береке ала келсін!

Ұлыстың ұлы күнінде Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін! Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы  Наурыз шаңырақтарыңызға береке мен несібе әкелсін!

Қайнар: 
Ізгі ниетпен, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков