«Үкім шығаруда жаза тағайындау тәжірибесі» тақырыбында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаевтың жүргізуімен  және «Жалағаш жаршысы» жергілікті газетінің тілшісі С.Бертаевтың қатысуымен «Үкім шығаруда жаза тағайындау тәжірибесі» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифинг барысында төраға А.Мизанбаев, жаза дегенiмiз - сот үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейтінін атап өтті.

Брифинг соңында төраға тілшінің сауалдарына толық жауап қайтарды.

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі