Темекі шегіп, ортақ пайдалану орнын ластаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында  азамат Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен жинақталған әкімшілік ісі қаралды.

Азамат Т. төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн қоғамдық тәртіпті бұзып, тартқан шылымының қалдығын жерге тастап, аталған әрекетті бір жыл көлемінде қайталап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен азамат Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі