Телефон байланысы қызметтеріне берешек қарызы сотпен өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақтелеком» АҚ–мен азамат Т-ның арасында телекоммуникация қызметтерін көрсету бойынша шарт жасалған.

Сотта анықталғандай, көрсетілген қызметке уақытылы төлем жасалмағандықтан  борышкер Т-ның  мекеме алдында берешек қарызы пайда болған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 683 бабының 1 бөлігінің талабына сай, өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.

Осыған орай, Арал аудандық сотының бұйрығымен борышкерден кәсіпорын пайдасына қарыз сомасы және мемлекеттік баж шығындары өндірілді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі