Талап қою мерзімінің өтіп кетуіне байланысты талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында банктік займ шарты бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, «Альянс-Банк» АҚ-ы мен жауапкер О.-ның арасында несие шарты жасалған, оның талаптарына сәйкес, жауапкер О.-ға 250 000 тенге көлемінде несие берілген. Жауапкер аталған соманы келісім шартта көрсетілген мерзімде сыйақысымен кестеге сай төлеп отыруы тиіс болатын.

Алайда, жауапкер О. банк алдындағы міндеттемені орындамай, несиені төлемегендіктен, талап қоюшы 520 860 теңгені және сот шығындары ретінде 15 626 теңге мемлекеттік бажды өндіруді сұраған.

Жауапкер О.  сотқа берген арызында, соттан талап қою мерзімінің ескіруін қолдануды сұраған.

Сот шешімімен талап қоюшы «Finance арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер О.-дан банктік заем шарты бойынша несие қарызын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі