Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев жуырда Сырдария аудандық сотында құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуларымен брифинг өткізді.

Брифингке Сырдария аудандық сотының судьялары, аудан прокуроры А.Тәженов, орынбасары А.Қазенов, аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары Н.Қасымханов, қылмыстық атқару инспекциясының инспекторы У.Төлендіұлы қатысты.   

Күн тәртібінде 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістермен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері қамтылды.  

Іс шара барысында Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаев  ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген еліміздің жаңа қылмыстық –процестік заңнамасында алғаш рет «тергеу судьясы» ұғымы енгізілгендігін атап өтті.

Тергеу судьясы-сотқа дейінгі іс жүргізу барысында Қылмыстық процестік Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы судья және де сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурорлық қадағалаумен қатар тергеу судьясы институтын енгізу арқылы сот бақылауын жүргізу-азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мемлекет тарапынан қорғалуына тиімді әсерін тигізетіні сөзсіз деді.

Сонымен қатар, бұрынғы Қылмыстық кодекспен  қолданыстағы Қылмыстық кодекстің арасындағы айырмашылықтарға салыстырма жұмыстар жүргізілді.

Шараға қатысушылар басқа да қажетті мәліметтермен бөлісіп, сұрақтарына жауаптар алды. 

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан