Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық соты қызметкерлерінің арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысын кеңсе меңгерушісі М.Жусупбекова ашып, күн тәртібіндегі мәселеге тоқталды.

Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы және мемлекеттік органдар ғимараттарында смарт телефондарын қолдануға тыйым салынғаны туралы талқыланды.

Семинар соңында барлық мамандандардың назары мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс және басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс екендігіне аударылды.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі