Судьялар семинар сабағында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабақтары өтті.

Аталмыш семинарларды Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаев пен облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Т.Адранов жүргізіп, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

 Әкімшілік істер сөз болған бірінші семинарда «Залалды өндіру жайлы істер бойынша сот тәжірибесі», «Ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер», «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтың кейбір санаттағы істерді қарау ерекшеліктері туралы», «Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Келесі қылмыстық істерді саралаған семинарда «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау» жөніндегі сот тәжірибесі,  «Қылмыстық іс бойынша сотталғанға көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу туралы» баяндамалар оқылып, талқыланды.

Әрбір оқылған баяндамаларды қатысушылар талқылап, сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.                                          

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі