Судьяға алғыс білдірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотының поштасына «КазРос-мұнай» ЖШС директоры К.Ж.Дабысов пен өкілі К.Б.Абашевадан Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Б.Еламановтың атына алғыс хат келіп түсті.

Хатта: «Істі қарауда судья Н.Б.Еламанов әділеттілік, адамгершілік, кәсібилілік сынды қасиеттерін көрсетіп, барлық процеске қатысушыларға деген қатал көзқарасы мен іске қатысты даулы сұрақтарды шешудегі ұқыптылығы, әрбір құжатпен жіті танысып, туындаған мәселелерді нақты анықтай білуі арқылы өзінің жоғары кәсіби білікті маман екендігін дәлелдей білді" делінген. Хат авторлары сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы жоғары кәсібилігі үшін судья Н.Б.Еламановқа алғыстарын білдірген.

Әділдіктің туын желбіретіп жүрген билердің адами қасиеттері мен шыншылдығы азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға дайын екендігін тағы да дәлелдегендей.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі