Судья брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өтті.

Брифингте БАҚ өкілдеріне сот судьясы Қ.Бержанов сотта қаралған әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы баяндады.

Судья Қ.Бержанов жыл басынан бері сот өндірісіне кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша 58 әкімшілік іс түскенін, оның барлығы қаралып айыппұл салынғанын айтып өтті.

Брифинг барысында судья Қ.Бержанов осы істердің біріне тоқталды. Атап айтқанда, құқық бұзушы К-ның  тәрбиесіндегі кәмелет жасына толмаған ұлы Д. қоғамдық орында шемішке шағып,  шемішке қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабында көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Құқық бұзушы К. өз жауабында кінәсін мойындайтынын, баласы алдағы уақытта  қайталамаймын  деп  уәде  бергенін,  жеңіл жаза  тағайындауды  сұрайтынын  көрсетті.

ҚР ӘҚБтК-ң 819-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы делінген.

Сот құқық бұзушыға  жаза  тағайындау  барысында оның өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінуі жауаптылығын жеңілдететін мән-жай деп танып,  оған салынатын 14847 теңге айыппұл сомасын 10393 теңгеге қысқартты.

Брифингті қорытындылаған судья БАҚ өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі