Сотта «Гендерлік теңдік» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Гендерлік теңдік» тақырыбында  семинар сабағы  өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Семинар сабақта бас маман А.Күнтуғанова  баяндама жасады. Ол өз баяндамасында  гендерлік саясат концепциясының негізгі принциптері мен тапсырмалары туралы, Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде ерлер мен әйелдердің  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясында әлдеқайда алға жылжығанын айтып өтті. Сондай-ақ, күнделікті өмірдегі әйел адамдардың саулығы  қоғамға жақсы жағынан әсер етіп,  жалпы алғанда  адамзат дамуының көрсеткіші болып табылатындығын, қоғамдағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан сақтау сұрақтарына ерекше назар аударды.

Іс-шара соңында  қатысушылар тарапынан әйелдердiң саяси құқықтарын жүзеге асыру шаралары  жөнiнде көптеген сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі