Сотта «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, кәсіпқой емес медиатор К.Мұстафаев, аудан прокурорының көмекшісі Н.Таңбаев, қорғаушы Қ.Жаппасбаева қатысты.

Тұрғындар арасында пилоттық жобаны кеңінен жария ету және түсіндірме жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі аудандық газетінің тілшісі  Е.Беркінбаев шақырылды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушыларға сот төрағасы А.Абдулла бұл пилоттық жоба республика аумағында жүзеге асырылып жатқанын, қолданыстағы бітімгершілік рәсімдерді дамыту - дауларды реттеу және азаматтардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Жоба шеңберінде бала мүдделері, кей санаттағы еңбек даулары, мұрагерлік, көршілер арасында жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басу, пәтерден шығару, некені бұзу, мүлікті бөлу, қарыз, сақтандыру шарттарына қатысты даулар бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізу қамтылғанын, пилоттық жобаның жекелеген санаттағы дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын, медиация өткізу тәртібін, жобаның артықшылығы мен ерекшелігіне тоқталып, пилоттық жоба бойынша жұртшылық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын, сот ғимараттарында сот медиациясын қолдану механизмі қамтылып, медиация кабинеттері ашылып, ақпараттық стендтер, интернет-ресурстарда қажетті ақпараттар орналастырылғанын, пилоттық жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.

Шара соңында «дөңгелек үстелге» қатысушылар пилоттық жобаны іске асыруға бағытталған ұсыныстарды талқылап, жобаны енгізу тәжірибесі бойынша белсенді диалог жүргізді.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі