Сотта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының сот мәжіліс залында дөңгелек үстел өткізілді. Онда, «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің сақталуы» және «даулардың жекелеген санаттары бойынша оларды медиация тәртібімен сотка дейін реттеуді eнгізy бойынша пилоттық жобаны icке асыру туралы ереже» талқыланды.

Шараға сот төрағасы міндетін атқарушы Қ.Бержанов, Қызылорда облысының адвокаттар алқасының адвокаттары, прокурор, қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында тақырып аясында баяндамалар оқыды.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, аталған жобалар алдағы уақытта қолданысқа кеңінен тарайтынына сенім білдірді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмамағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының баспасөз қызметі