Сотта «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төраға міндетін атқарушы Қ.Бержанов облыс тұрғындарын қабылдап, кездесу өткізді.

Қабылдау барысында азаматша Б. сот шешімімен кәмелетке толмаған балалары өзімен қалдырылғандығын, алайда жауапкер сот актісін орындамай отырғанын, балаларын көрсетпейтінін, сот орындаушылар ешқандай көмек бере алмай отырғанын айтып, құқықтық кеңес пен көмек беруін сұрады.

Өз кезегінде Қ.Бержанов қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, заң нормаларын түсіндірді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының баспасөз қызметі