Сот үкіммен бас бостандығынан шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен сотталушы Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, кәмелетке толмаған сотталушы Р. өзінің таныстарымен ойын-сауық орталығының ішінде жүріп, өтіп бара жатқан жәбірленуші К-мен сөзге келіп, ерегісіп қалған. Осыдан соң кәмелетке толмаған сотталушы Р. қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында, жәбірленуші К-ның сол жақ санынан пышағымен бір рет ұрып, жәбірленушіге жеңіл дәрежелі дене жарақатын салған.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушы Р. ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көрстеілген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандыырлған ауданаралық сотының баспасөз қызметі