Сот төрағасы азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот  жұмысын  ұйымдастыруға  байланысты  қабылданған  өкімге сәйкес, бүгін Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Әбу Айбек Кеңесұлы азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға болған  Қызылорда қаласының тұрғыны Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-бабына сәйкес жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы өзінің жалғыз баласы Н-ның өтініші сотқа түскенін, сотталған баласының өтініші бойынша толық   түсіндірме беруді сұрады.

Сот  төрағасы  азаматшаға  сот  өндірісіне  түскен  қылмыстық  материал  бойынша  заң

талаптарына сәйкес  толыққанды  түсіндірме берді.      

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі