Сот шешімімен еңбек өтілі фактісі анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азаматша С-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілін анықтау фактісі жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматша С. арызында 1990-2000 жылдар аралығында «Қызылордастрой» ПМК мекемесінде бухгалтер болып жұмыс істегенін, алайда, зейнетақы төлеу орталығына жүгінгенінде, еңбек кітапшасындағы сол жұмыс істеген кезеңдердегі жазбаларға, елтаңбалы мөр басылмауы себепті, жоғарыда көрсетілген жылдардағы еңбек өтілінің зейнетақысын есептеуде есепке алынбайтынын түсіндіргенін, бұл қателіктер тиісті зейнетақысын есептеуге кедергі келтіріп тұрғанын, сол себепті аталған жылдардағы еңбек өтілі фактісін сотта қарау тәртібімен анықтап беруді сұраған.

Cот ұсынылған дәлелдемелерді, яғни, мұрағаттық анықтамаларды, куәлердің көрсетулерін негізге алып, азаматша С-ның талабын толық қанағаттандырды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі